Көмекші есімдері бар сөйлем(-дер)
Жанындағы бейтаныс қария тоқтап, жөн сұрасты.
Бұл жолы дастархан басына түгел жиналды.
Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет.
Алды-артына қармастан, ол ұзақ жүгірді.
Басынан бастамақшы болып еді, бірақ шыдамы жетпеді.
Түбінде Амантайдың айтқаны тура келеді-ау.
Маңына жан жуытпайтын жануар аздап көндігейін деді.
Жүрек тұсы шымырлап, көзіне ыстық жас келді.
Сөйлемде бастауыш қызметін атқарып тұрған жинақтық сан есім(-дер)
Біреуінің жазуы ап-анық.
Ақыл алтау, ой жетеу.
Ер бала – он үште отау иесі.
Кеңсесі екінші қабатта екен.
Тура жігіт – елге тіреу.
Ер жігіт сегіз қырлы болсын.
Жарысқа жүздеген адам қатысты.
Әнді екеуі сызылта шырқады.
Сөз тіркестері қатары
Сезген сайын, ұзын таяқ
Мықты ел, жібек мата
Әдемі көйлек, сұрап алды
Зерек бала, тың дерек
Көтеріп берді, он үш бөлме
Қорқақ бай, отамалы
Он бірінші, кең үй
Сұлу әйел, асқазан
Бірыңғай жіңішке дауыстылардан жасалған сөз
Көкқұтан
Өсімдік
Айнамкөз
Жолдас
Шалқарды
Дара сан есім
Он жарым
Он-он бір
Отыз екі
Он бес
Ондаған
Берілген үзіндінің стилі
… Күн батып кетті. Таулы өлкеде күн, әсілі, ерте батады. Тек Етікші шыңының ұшар басында ғана соңғы шапақ бөріктей болып иіліп тұр. Сай-салада көлеңке қоюланып, тағы бір тынышсыз түн қанатын жайып келе жатты...
ғылыми стиль
көркем әдебиет стилі
ауызекі сөйлеу стилі
публицистикалық стиль
ресми ісқағаздар стилі
Жадағай– астарсыз тігілген жеңіл шапан.
Асты сызылған сөзге қатысты нұсқа
Кәсіби сөз
Диалект сөз
Жаңа сөз
Кірме сөз
Тарихи сөз
Мекен үстеуі қатысқан сөйлем
Ауылдың жас-кәрісі қуанысып қалды.
Көлдің беті шыбын-шіркейге толы.
Жеңгелеріміз тездетіп ас әзірледі.
Барлық аттылар алға шаба жөнелді.
Көлсайдың табиғаты тамаша!
Сын есімнен жасалған анықтауышты белгілеңіз.
Ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халықтың бірі – қазақ халқы.
Алаған қолым – береген.
Май қарағайдың діңі жып-жылтыр.
Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа.
Адал достық асыл махаббатқа апарады.
Жалғау арқылы байланысқан сөз тіркестері қатары
Қазақ халқы, момын ел.
Халқымды сүйемін, еліме ризамын.
Елім жайлы, халқым арқылы.
Жер үшін, ел үшін.
Ол – белсенді, ол – ақын.
Математикалық сауаттылықОқу сауаттылығыҚазақстан тарихыБиологияГеографияМатематикаҚазақ тілі мен әдебиетФизикаДүние жүзі тарихыАғылшын тіліНеміс тіліФранцуз тіліХимияАдам. Қоғам. Құқық