Кейінді ықпалды сөйлем(-дер)
Ақ жүректі адам азбайды.
Дүйсенбек бастаған жігіттер аңнан олжалы оралды.
Көзқарастары үйлеспей қалғанын аңғарды.
Оқушыларға жол ережесін түсіндірді.
Қарттар салмақты ойларын ортаға салды.
Келесі күні қатты дауыл тұрды.
Бесін ауа қыраттан көш көрінді.
Олар таң ата жолға аттанды.
Дерексіз зат есім қатысқан тіркес(-тер)
Асқар таудай талабы сөзінен байқалып тұр.
Ағаш дөңбектер ауласында шашылып жатыр.
Өріске малын айдаған кәрі-құртаңдар көрінеді.
Қоралары тастан салынған үлкен ауыл екен.
Балқарағай ағашы көп өсетін жер екен.
Түнімен мазалаған ойы сан-саққа жүгірді.
Екеуі тау басында көп отырды.
Қазақ-қырғыз достығы бұрыннан жарасқан.
Қыстырма сөздері бар сөйлем(-дер)
Асықпаңыз, ата, балаларыңызды әлі-ақ көресіз.
Өкінішке орай, келген хабар рас боп шықты.
Апыр-ау, амансыңдар ма өздерің?!
Қайдағыны бастамай тиыш отыр сен енді!
Амал не, кітапты қойныма тықтым да, үйге беттедім.
Шынында да, әкемнің айтқаны шын болып шықты.
Ой, айналайындар-ай, шаршаған боларсыңдар?
Әй, кемпір, оның бәрін сұрап қайтесің?
Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлем(-дер)
Өне бойын, тот басып, зіл тартады.
Ауаның салқындығы – білінбейді.
Қырандардың ең алыбы – бүркіт.
Мың да бір рахмет саған Төреқұл!
Кәне, шуылдамай жыр естиік!
Сендер – беріп жібересіңдер ме?
Демек, онда бүркіттің күші бар.
Ақ халатты қыз, аса сүйкімді екен.
Монғол тілінен ел билеуге байланысты енген кірме сөз(-дер)
Қордай
Ұлыс
Ғибрат
Шайыр
Нұра
Жарлық
Нөкер
Қоғам
Бұйрық райлы етістіктен болған төл сөздің баяндауышының төлеу сөзге айналдырылған нұсқасы (нұсқалары)
Елдар басқалардан бұрын бұған иелік етіп шыға келді.
Қойды еркіне шашыратып жібергеніне қатты ашуланды.
Жігіт: «Осындай әнді үйреніп алсайшы!» – деп қулана күлді.
«Бұны талап етудің ешқандай реті жоқ», – деді ойлана.
Қасенді еріксіз шақыртып, оның да үйге кіруін талап етті.
«Бірің де қалмай, тегіс жиналыңдар», – деп бұйырды.
Даурығып жатқанда, Сырбай: «Тоқтатыңдар!» – деп ақырды.
«Бері кел! – деп шақырды оны Нұрлан. – Кел ойнаймыз!».
Сілтеу есімдіктері бар сөйлем(-дер)
Сонау көз ұшынан жыпырлаған ауыл үйлері көрінді.
Бұл аттың маңына жолама дегенім қайда саған?
Сол күш Қаракөзді көп заман қинап жүрді.
Бәріміз де рақат тұрмысты еңбектен тапқан адамдармыз.
Таң алдында бір ғана сағат мызғығаны болмаса, Абай түнді ұйқысыз өткізді.
Есімін ең болмаса біреуі естір деп ойлап, келгендерден сұрау салды.
Шындық әр заман емес, тіпті бір заманның әр қауымының өздеріне де әр алуан танылады.
Машина жолшыбай бірнеше жерге тоқтады: біреулері кіріп, біреулері түсіп жатыр.
Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем(-дер)
Маған бура я жетер, я жетпес еді.
Енді жасыру мүмкін емес, себебі үйлену тойы ертең, кеште!
Нұрым қамшыны да босатпады, өйткені басқа соғар деп қауіптенді.
Оттың жалыны әзір көрінбейді, жаңа тұтанды.
Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін алар еді.
Бүгін осында маза бермеген соң, әжең екеуіміз қуып шыққанбыз.
Ушаков үйінде болмағандықтан, Бұланбай қайтып кетті.
Не мына Әбдіні қолымызға шығарып бер, не болмаса кепіл бол.
Математикалық сауаттылықОқу сауаттылығыҚазақстан тарихыБиологияГеографияМатематикаҚазақ тілі мен әдебиетФизикаДүние жүзі тарихыАғылшын тіліНеміс тіліФранцуз тіліХимияАдам. Қоғам. Құқық