Сұрақ #633 Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс

Мартин Лютер бюргерлік реформацияның жаршысы, кен қазушының баласы, еркін өнер магистрі, кейін – монах-августиандық құдайтану ілімінің докторы болған соң өз ілімін жасады. Мартин Лютер Витенбергтегі шіркеудің есігіне өзінің индульгенцияға қарсы бағытталған 95 тезисін іліп қойды. Кейінгі шығармаларында («неміс ұлтының христиандық дворяндарына», «Шіркеудің вавилондық тұтқынға түсуі», «Христиандық ерік туралы трактат» «Зайырлы өкімет билігі», «Құлдық ерік туралы» және т.б.) туып келе жатқан буржуазияның мүддесіне сай католиктікке және папалыққа қарсы протестантизм негізін қалады, өз мырзаларына қарсы көтеріліске шыққан халық бұқарасынан іргесін аулақ салды. Тәуратты неміс тіліне аудара отырып, жалпы немістік әдеби тілдің негізін құрды. Оның ілімінің негізінде шіркеулік сатыны (иерархия), аруақтарға, иконға табынуды, шіркеу байлығын жоққа шығарып, құдайға сенушілер үшін бірден-бір бедел-ізгі хабар екендігін мойындаған протестанизмнің лютерандық бағыты қалыптасты.

Мәтінде сипатталған оқиғаның уақытын анықтаңыз :

Шешім
0%
0%
0%
0%
0%
Iздеу