Сұрақ #6189 Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс

Мерзімнің аяқталуына 23 жылдан астам уақыт қалды. Қандай ауыр қасірет тартсам да, қаншама ауыр жазалансам да, өз Отанымның адал азамат ұлы болып қала беремін. Уақыт-адамның моральдық және рухани қызметтерінің сынаушысы. Егер бір кездерде өз мамандығыма оралатын мүмкіндік болса, адал адамдардың бұған көздері жетеді. Барлық тергеу құжаттары менің «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» аттты кітабым мен «Қазақ ССР тарихының» бірінші және екінші басылымына жазылған сын пікірлерге негізделген. Тергеу әдістері туралы жиіркенішсіз еске алуға болмайды. Тергеудің барлық барысында қорқыту мен алдап –арбау әдістері қолданылды. Тергеушілер қаншама тырысқанымен, мен адал адамдарды қаралаған жоқпын. Кеңестік әділ сотқа үлкен сеніммен қарай отырып, менің ісімнің оңды шешілуін төзімділікпен күтемін. Осы уақытта Маленковтың атына он бір арыз жаздым. Сізден менің тағдырымның объективті шешілуіне көмектесуіңізді сұраймын. Мен сіздің көз алдыңызда өстім, сіз менің өткендегі өмірім мен қазіргі жағдайымды жақсы білесіз. Менен қолдан жау жасау кімнің мүддесіне сай келіп отыр? Мен қателерімді шын көңілмен мойындадым және әділ партиялық сынға іспен жауап бердім. КСРО Ғылым Академиясының А.Панкратова, Дружинин, Кучкин, т.б ғалымдар қолдаған «ХІХ ғасырда Қазақстанның Россияға қосылуы» атты монография жаздым (көлемі 30 баспа табақ.) Монографияны Мемлекеттік Қауіпсіздік министрлігінің сарапшылар комиссиясы қарап, одан ешқандай бұрмалаушылық пен қателіктер тапқан жоқ (Комиссияның қортындысы менің ісіме қосылған) Қатты жаза мені көп нәрсеге үйретті. Ақылым кірді. Пайымдауымша, енді менен жақсы тарихшы шығады. Сізден менің бостандыққа шығуыма және іс жүзінде партия мен Отан алдындағы айыбымды өтеуге жәрдемдесуіңізді тағы да өтінемін.

Мәтінде көрсетілген Е.Бекмахановтың хаты жолданған Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы :

Шешім
0%
0%
0%
0%
0%
Iздеу