Сұрақ #6190 Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс

«Сібір даласына уақытша ережені енгізуден бұрын жылына екі облыстан 190506 сом түсім түсетін еді. «Уақытша Ереженің» құрастырушылары жасақ жиынын әр үйден 3 сом ақшалай салыққа ауыстырғанда, екі облыстан 317697 сом түседі деп жобалаған болатын. Комитеттердегі бар мәліметтерге қарағанда 1870 жылы екі облыстан 462666 сом түсіпті. Бұл жобалаған мөлшерден 144969 сом артық. Бұл цифрлар «Уақытша Ережеде» белгіленген салық жүйесінің аса қанағаттанарлық екендігін дәлелдейді, оның бергі жағында бұл жүйе екі жылдық тәжірибе барысында іс жүзінде ешқандай елеулі қиыншылықтар кездестірген жоқ.

Осыған сүйене отырып, комитет алым- салық жүйесіне тек қана екі қосымша енгізуді жобалады:

1. Әскери және азаматтық шендері бар қырғыздарды үй басына төленетін алым- салықтан өмірлік босату, өйткені олардың әрқайсысына тиесілі шаңырақ саны 7- ден аспайды және бұл артықшылықтардың олардың балаларына қатыс жоқ, ондай жеңілдіктер олар өз еңбегімен алулары қажет.

2. Нұсқауларда уезд бастықтары, болыс басқарушылары мен ауыл старшындары үшін салық жинаудың бірнеше айрықша ережесі қарастырылған. Уезд бастықтары үшін оның ауыл старшындарынан алым-салық пен басқа да салықтарды төлегендіктері туралы түбіртек алуға бейімделген жіппен байланған кітаптың түрі қосымша берілген. Қырғыз шенеуніктерін үй басына төленетін алым-салықтардан босатуға келетін болсақ, олар екіжылдық тәжірибе мерзімі ішінде Ресейде қолданылып жүрген заңдарға сүйеніп, өздерін осы салықтан босату туралы бірнеше рет өтініш жасаған болатын. Мұндай өтініштер, ережеде оған рұқсат болмағандықтан қабылданбады, ал шенеуніктер салықты түгел төлеп келеді. Комитет, солай болса да, «Уақытша Ереженің» басқа топтарына берілетін құқықтар мен артықшылықтарды қырғыздар жалпы заңдарының негізінде ала алады» деген тұжырымға сүйене отырып, қырғыз шенеуніктерін үй басы салығынан босатуды қажет деп тапты.

(Түсініктеме хат. Ақмола және Семей облыстарын басқару ережелерінің жобасына)

Мәтінде келтірілген үзіндіден Ресей әкімшілігінің жергілікті шенеуніктерге артықшылықтар бере отырып, арқа сүйеген мәселені анықтаңыз.

Шешім
0%
0%
0%
0%
0%
Iздеу