Сұрақ #4330 Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс
Мәтіннің мазмұнын қарау және төмен тапсырманы орындау.

Мектепте оқып жүрген кезім еді. Сыныптас болған баланы сабақтан шығып үйге кетіп бара жатқанымда көрдім. Есімі Роберт еді. Барлық кітаптарын және рюкзагын арқалап үй жаққа кетіп бара жатты. Сол кезде кітаптарын сыныпта тастамай, үйге арқалағанына қарағанда басын көтермей сабақ оқитындардан болар деп ойлағаным есімде. Өзімді көрші аула балаларымен ертең ойнатылатын футбол матчынан басқа ешнәрсе қызықтырмайтын. Бір кезде бір топ майда балалар жүгіріп өтіп, Робертті қағып жіберді де, Роберт бір жаққа құлап, кітаптары басқа жаққа шашылып қалды. Көзіндегі көзілдірік те түсіп кетті. Роберт басын көтергенде көздерінен үлкен бір мұң көрдім. Қасына жүгіріп барып, кітаптарын жинастыруға көмектестім. Роберттің көздеріндегі көз жасын көргенде, қолдау ретінде «Сол жүгірмектерді қойшы. Оған бола ренжігенің не?!» – дедім. Осы кезде Роберт «Рақмет» деді де, маған қарап күлімдеді. Кітаптарды жинап болып, қайда тұратынын сұрадым. Көрші болып шықтық. «Ертеңгі футбол ойынына келе аласың ба?» деп сұрадым, келісті. Ертеңіне футболға келді. Жалғыз мен емес, балалардың бәрі оны ұнатып, бауыр басып қалды. Енді жиналған сайын оны да іздеп шақыратын болдық.

Мектеп бітіргенге дейін екеуіміз бір-бірімізге ең жақын дос болдық. Кейін ол Нью-Йорктегі университетке, мен Техастағы университетке түсіп кеттік. Мыңдаған километр қашықтықта болсақ та, достығымыз университет жылдары да жалғасын тапты. Роберт университеттің ең үздік студенті болғаны үшін, университет әкімшілігі оған университетті бітіру салтанатында сөз сөйлеуді ұсынды. Сол күні Роберт студенттер мен ата-аналар жиналған салтанатты кеште былай деді: «Университетті бітіру күні – осы күнге дейін алдымыздан шыққан мың түрлі қиыншылықтарды жеңуімізге қолғабыс көрсеткен жақындарымызға алғысымызды білдіру күні десем болады. Ата-аналарымызға, ұстаздарымызға және ең бастысы достарымызға! Достықтың маңыздылығын түсіндіретін бір әңгіме айтып берейін…» Досым танысқан күнімізді баяндай бастаған кезде, қасымдағылардың жүздеріне таңдана қарадым. Роберттің сөзінен кездескен күннің ертеңіне ол өз–өзіне қол жұмсауды жоспарлағанын білдім. Кейін анасы мектептен заттарын алуға барған кезде, ауыр кітаптарды көтермесін деп, сол күні барлық кітаптарын жинастырып, үйге апарғанын айтты. Сөзін бітіріп Роберт маған қарады да «Рақмет саған, досым! Досым, екеуіміз кездескен күні мені қазір айтуға да батылым бармайтын іс жасаудан құтқардың!» – деді. Университеттің ең үздік студенті, барша жағынан ұнамды жас жігіт өмірінің ең қиын кезеңін түсіндіріп тұрған кезде, бәрі үндемей тыңдады. Ата-анасы маған үлкен алғыспен қарап, күлімсіреді. Мен болсам ол күннің Роберт үшін қаншалықты маңызды болғанын еш білмеп едім. Бір көзге маңызсыз көрінетін оқиғалардың күшіне немкұрайлы қарамау керектігін түсіндім. Кішкентай бір амалымыз бен кішкентай бір сөзіміз біреудің өміріне әсер ететінін түсіндім… жақсыға не жаманға!

Қорытынды бөлімде автор не айтқысы келді?

Шешім
0%
0%
0%
0%
0%
Iздеу