Сұрақ #7436 Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс
Мәтіннің мазмұнын қарау және төмен тапсырманы орындау.

Қазақстан мемлекеті және қоғам қайраткері, есімі түркі дүниесіне ғана емес, күллі әлемге мәшһүр ақын, ана тіліміздің жанашыры Мұхтар Шахановтың 2008 жылы республикалық газеттердің біріне берген сұхбаты

1.Н.Өнерханұлы : ...Әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов екеуіңіздің араларыңыздағы достықты біздің жастарымыз шынайы достықтың үлгісі ретінде қабылдайды. Осы достық қарым-қатынастарыңыз туралы қысқаша айтып өтсеңіз.

М.Шаханов: Ш.Айтматов – күллі әлем мойындаған ұлы жазушы. Шығармалары әлемнің 177 тіліне аударылған. Біз ағалы-інілі адамдардай өте жақын болдық. Ол кісіден айырылу әкем мен анамның қазасынан да ауыр тиді. Екеуміз бірлесіп екі дүние жаздық: біріншісі – ­­­­­­ «Құз басындағы аңшының зары» деген эссе кітап, екіншісі — «Сократты ескеру түні» атты драма. Ш.Айтматовтың енді ешкімге ұқсамайтын екінші ғұмыры басталды. Екеуміз де рух жақындығын, парасат жақындығын ерекше сезінген едік.

2.Н.Өнерханұлы : Қазіргі таңдағы өзіңіз қатарлас ақын-жазушылырдың, қоғам және мәдениет қайраткерлерінің көбісі мемлекеттік сыйлық, марапат алу үшін жанталасып жатады. Ал сіз, керісінше, мемлекеттік сыйлықтан, Халық қаһармандығынан өз еркіңізбен бас тарттыңыз. Бұлай жасауыңызға не себеп болды?

М.Шаханов: Менің өз ұстанымым бар. Адам Отанына, өз анасына жасаған қызметі үшін жылу дәметпеуге тиіс. Отан да өзінің дараланған ұлдарын марапаттап отыруы керек. Бірақ, ол өте әділетті болуы шарт. Бұл күндері бізде кейбір марапатқа ие адамдар ескерусіз жүр, ал қоғамға ешқандай жетістігі жоқ кейбір «пысықтардың» бірнеше орден-медальдары бар деп ойлаймын. Міне, мен солардың қатарында жүргім келмейді. Ал шетелдердің 20-дан астам сыйлықтарын алдым. Көптеген елдердің құрметті докторымын, профессорымын. Аталмыш сыйлықтарды алу себебім, олар біздің елімізге абырой қосады.

М.Шахановтың Шыңғыс Айтматовты ерекше құрметтегенін қандай сөздері арқылы көруге болады?

Шешім
0%
0%
0%
0%
0%
Iздеу