Сұрақ #37973 Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс
Мәтіннің мазмұнын қарау және төмен тапсырманы орындау.

Әбунасыр ылғи да қолынан тастамай Аристотельдің «Физика» кітабын оқып жүреді екен. Содан бір жолдасы:

– Сен мына кітапқа неге сонша қадалып қалдың? – деп сұрайды.

Сонда Әбунасыр:

– Бұл кітапты қырық мәрте оқып шықтым. Тағы да оқуым керек. Өйткені, әлі толық ұғынып болған жоқпын, – деп түсіндіре жауап береді.

Әбунасыр ешқашан қолына алған кітапты бір не екі мәрте оқып шығып қоя салмаған. Қайта оның мағынасына толық түсінгенше ерінбей-жалықпай оқи берген. Сөйтіп, кітапта баяндалған жайлардың мән-мағынасына ой жіберіп, жаңа ұғымдардың есігін ашып отырған. Сол есік арқылы өзі қалың ойдың ішіне кіріп, ғылым әлемінің таңғажайып сырларына қанған, гүлзарларын шарлаған.

Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында «Екінші Ұстаз» атағына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор. Оның 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаты бар. Айналысқан ғылыми салалары: философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» деп аталады. Оның атақты «Музыка туралы үлкен трактат» деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Әл Фарабидің «Бұл кітапты қырық мәрте оқып шықтым. Тағы да оқуым керек» деген жауабы арқылы кейіпкердің қандай қасиетін көруге болады?

Шешім
0%
0%
0%
0%
0%
Iздеу