Сұрақ #7442 Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс
Мәтіннің мазмұнын қарау және төмен тапсырманы орындау.

Қамқа әжем. Мен өз анамнан жеті жасымда жетім қалдым да, өзі-өзімді білгелі Қамқа әжемнің қолында өстім. Қамқа әжем тура туған анамдай болды, шешемді жоқтатқан жоқ деп айтсам, мүмкін рас та болар. Бірақ… туған шешенің қандай болатынын жөндеп көрмеген адам оның орнын басқан адамды кіммен теңейді? Қамқа әжем елпілдеп көрген жоқ, ең ықыласы түсіп кеткенде басымнан сипап, бауырына бір қысатын да, кейде маңдайымнан иіскеп «бара ғой, қалқам» деп қоя беретін. Сонда да оның мені жақсы көретінін кішкентайымнан-ақ білуші едім. Бала деген сезімтал ғой, кейде үлкенді алдап кететін жерден баланы алдай алмайсың. Қамқа әжемнің сырты қанша салқын болғанмен оның ішінде термосқа құйған астай суымайтын бір ыстығы барын сәби кезімнен сезсем керек. Әйтеуір осы кемпірді өгейсінген кезім болған жоқ, бірақ әжеме еркінсіп, еркелік жасаған кезім де, әй, болмаған шығар. Қанша жақсы көрсем де өзінен кәдімгідей қаймығатынмын.

Жалғыз мен емес, Қамқа әжемнен біздің үйдің іші түгел қаймығатын. Үйдің іші деймін-ау, бүкіл ауылда сол кісінің бетіне келген адам жоқ. Әжем кең сүйекті, бет бітімі де кесек ажарлы кісі. Менің бір байқағаным біздің қазақта неше түрлі, бір-біріне ұқсамайтын ұлттардың бет-бедері бар. Дариға жеңешем бітік көз нағыз корей тәрізді болса, биік қабақты, құс мұрын, ақсары Қамқа әжем Европа елінің әйелдеріне ұқсас.

Ірі жүзді өңінің жылитын кезі сирек, әманда қатқыл. Анау-мынау адамды ықтырып тастайтын тәкаппарлығы да бар. Кейде біреудің орынсыз айтылған сөзіне немесе оғаш мінезіне тіл қатып сөзін шығын қылмай-ақ тәкаппар кескінінде мысқыл жүгіріп бір қарағанда әлгі бүлдіріп алған адам кішірейіп шөгіп қалатын да, ал өзгелері бойын жинап ала қоятын. Әдетте ауылдың үлкен-кішісі болсын, әйел-еркегі болсын «алды қатты кісі» деп қаймығып, Қамқа әжемнің алдында мұнтаздай болатын.

Мәтіннің тақырыбы қандай?

Шешім
0%
0%
0%
0%
0%
Iздеу