Сұрақ #38140 Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс

«Мемлекет қалпы

Россия демократиялық, федеративті республика болу. (Демократия мағынасы – мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы – құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративті республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді.)

Үкімет басында Учредительное собрание мен Г. Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г. Дума алдында жауапты болу.

Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу.

Законды жалғыз ғана Г. Дума шығару һәм Г. Дума үкімет үстінен қарап, ісін тексеру, запроси (сұрау) жасау хұқы да Г. Думада болу. Мемлекет салығы Г. Думасыз салынбау.

Жергілікті бостандық.

Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу.

Партия қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына тырысады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады...»

Мәтіндегі сипатталған бағдарлама қай партияға қатысты?

Шешім
0%
0%
0%
0%
0%
Iздеу