Сұрақ #38070 Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс

«Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті өкілі, Қазақстанның қоғам қайраткері, құқық магистрі. Санкт-Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген (1903). 1903-1905 жылдары Омбы сот мекемелерінде қызмет еткен. Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция оның саяси белсенділігінің оянуына жағдай жасады. Бұл жылдары ол митингілер мен жиналыстарда жиі сөз сөйлеп, Омбы, Петропавловск, Семей, Павлодар, Баянауыл мен Қарқаралы қалаларында болған демонстрацияларға қатысты. «Степной край» (Омбы) газетінде самодержавиені, полицейлік жүгенсіздікті, шенеуніктердің парақорлығын әшкерелеген, патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен қанауына қарсы халықты белсенді күреске шақырған мақалаларын жариялады. 1908 жылы Омбы арқылы Якутияға, ал 1910 жылы патшаға қарсы үгітті жалғастырғаны үшін Тобылға жер аударылды. 1917 жылғы Ақпан революциясын Якутияда қарсы алды. 1917 жылы наурызда Қазақ автономиясы жөніндегі ұрандар көтергені үшін Уақытша үкімет оны тұтқындады. 1917 жылы Алашорда үкіметінің мүшесі болып сайланды».

Мәтінде сипатталған тұлғаны анықтаңыз:

Шешім
0%
0%
0%
0%
0%
Iздеу