Сұрақ #5165 Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс
Мәтіннің мазмұнын қарау және төмен тапсырманы орындау.

1.Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір- бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында ол зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары. Мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар – базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.

2.Жолдар бір-бірімен ұласып, шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке қарай жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты. Осындай сауда жолдарының арқасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ол жолдардың әрқайсысының өз аттары болған. Мысалы, «лазурит», «нефрит» және «құндыз» жолдары кірді. «Лазурит жолы» –Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне лазурит (ляпис — лазурь) тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте кәделі саналып, аса жоғары бағаланған. «Нефрит жолымен» қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлі әшекей бұйымдарына қажетті асыл да әдемі гауһар тас, нефрит тасымалданған. Ал «құндыз жолымен» бағалы аң терілері әр тараптардағы елдерге таралған.

3.Ұлы Жібек жолы бүкіл адам ағзасын қоректендіруші қан жүйесіне ұқсас. Себебі ол бүкіл Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым- қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктіреді. Ұлы Жібек жолы ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Сонау Еуропа мен Азияны біріктіріп жатқан бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді. Дамыған елдердің бір-бірімен сауда-саттықпен айналысуына, ғылым салаларының дамуына, діни және мәдени салт-дәстүрлерінің қалыптасуына ықпал етті.

4.Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Ең негізгі сауда жолы Тянь-Шань тау етегімен, Сырдария, Талас, Шу, Іле аңғарлары арқылы Қытайға ұласқан. Жолдың ендігі бір бөлігі Яқсарт, Сейхун деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалай ары қарай Қаратеңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатыр. Негізі күре тамырдан Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Моңғолияға қарай жолдар өткен. Осындай жолдардың бойында Испиджап, Отырар, Түркістан, Тараз, Сауран, Саудакент сияқты ірі қалалар болған. Бұл қалалардың өркендеуіне Ұлы Жібек жолының тигізген әсері зор

5.Жібек жолындағы тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Ол да сол кездердегідей негізінен саз балшықтан құйылған кірпіштермен тұрғызылған. Қала орталығында биік күмбезді цитаделі болған, Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі. Кесене-ғимараттың айналасында толып жатқан құрылыстар: солтүстік жағында биіктігі оншақты метрдей, ұзындығы да әудем жерді алып жатқан. Иасы қаласы XII ғасырда аса дәуірлеген: қолөнері мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған. Оның атағы бүкіл мұсылман қауымына жайылып, ол Меккемен теңестірілген, яғни Түркістанға үш рет барған адам Меккеге барып, қажы атанғанмен бірдей болған. Оған себеп – суфизмнің насихатшысы, ақын Қожа Ахметтің ықпалы еді. Оның қарапайым тілде жазылған адамгершілік, мейірімділік жайлы өлеңдері қажылық етушілерге қатты әсер етті. Ол соңғы 10 жыл өмірін жерасты қылуетінде өткізіп, Құдайға құлшылық етудің шын берілгендік нұсқасын көрсетіп кетті. Ол өлгеннен кейін де ел оның өлеңдерін жатқа айтып, есімін қасиеттеп жүрді. Сондықтан да Әмір Ақсақ Темір ол өлгеннен 233 жыл өткеннен кейін Қожа Ахмет Иассауи кесене ескерткіш күмбезін соқтыртты. Бұл ескерткішті әлемдегі жеті ғаламаттың бірі десе де болады.

Берілген мақал-мәтел мәтіннің қай бөлігіне сәйкес келеді?

Түлкінің қызылдығы өзіне сор.

Шешім
0%
0%
0%
0%
0%
Iздеу