Сұрақ #1983 Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс
Мәтіннің мазмұнын қарау және төмен тапсырманы орындау.

1. Қазақ елі білім беру ісімен қатар, оқушылардың демалысына да ерекше мән беріп келе жатыр. Бір замандары еліміздің жас ұрпағы Қырымдағы «Артекке» баруды арман санаса, ендігі жерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен 2002 жылы пайдалануға берілген «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы сол «Артектің» орнын басып отыр. Президент: «Ел болашағы жастардың қолында» ‒ деді. Ал сол жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу, елінің тарихын, жерінің қасиетін ұғындыру жұмысында оқушылардың демалысын сәтімен ұйымдастыру үлкен рөл атқаратыны белгілі. Осы игілікті іс қаншама уақыттан бері өз дәрежесінде орындалып келе жатыр.

2. «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында жыл сайын еліміздің барлық аймағынан бес мыңға жуық оқушы 16 ауысымда демалады. Оқушылар демалысын тек жазда ғана емес, жыл бойы үздіксіз өткізуіне болады. Сабақ кезіндегі демалыста оқушы білім алуын жалғастыра береді. Тәрбиешілермен қатар, әр пәнді терең оқытатын мұғалімдер құрамы, оқулықтар, оқу әдістемелер, лабораториялық жұмыстарға қажет құрал-жабдықтар толығымен жасақталған. Биылғы жазғы демалыста еліміздің барлық өңірінен келген жүздеген оқушылар жоғары дәрежеде демалуда.

3. Демалыс кезінде әр оқушының өзіндік қарым-қабілетін шыңдауға арналған түрлі сайыстар мен байқауларға, фестивальдар мен олимпиадаларға қатысып, бағын сынауға, табиғат аясында болуға мүмкіндік жасалған. Бір ұлт, көптеген этностың басын құрап, әлемге достықтың алтын тұғыры ретінде танылған Отанымызды мекендеп жатқан барлық ұлттардың ұл-қызының демалысы тең дәрежеде ұйымдастырылып отырғанын да айта кетсем деймін. Біздің лагерьдегі жастардың бір ауыздан айтатын сөзі «Біртұтас Қазақстанның перзентіміз» дегенге саяды.

4. Осындай игілікті істерді жүзеге асыруда әлемдегі өркениетті елдердің озық тәжірибесін өз жұмысымызға тиімді пайдаланып келеміз. Бұл тәрбие кешенінде төрткүл дүниеде өтіп жататын халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдар, көрмелер өткізіліп келеді. Соның бір дәлелі 2011 жылы дүниежүзінің 97 елінен 625 бала қатысқан 51 Халықаралық математика олимпиадасы дер едік. Осы біздің оқу-сауықтыру кешенінде болған сол білім сайысында Отанымыздың 5 түлегі жүлдегер атанып, мемлекетіміз бестіктің құрамына кірді.

5. "Балдәурен" қазақ тілінде бақытты балалық шақты білдіреді. Бұл атау текке берілмеген, орталыққа келетін балалардың жасы осы бақытты балалық шаққа сәйкес. Республикалық оқу–сауықтыру орталығы Балдәурен" ‒ бұл оқу–педагогикалық және сауықтыру істерін ұйымдастырумен айналысатын, сонымен қатар балалардың Халықаралық және Республикалық мәдени көпшілік, ғылыми–практикалық іс-шараларын өткізетін Республикалық оқу-сауықтыру орталығы. "Балдәурен" РОСО – еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі Бурабай курорты аймағында Щучье көлінің жағасында орналасқан. Еліміздегі бірден-бір балаларға арналған оқу-сауықтыру кешені алдағы уақытта аясын кеңейтіп, ауқымын өсіріп жатса, миллиондаған ұрпақтың тағылымды да тәрбиелі болып өсуіне мол мүмкіндік жасала беретін болады.

Қандай жауап берілген мәтіннің түпкі ойын көрсетіп тұр?

Шешім
0%
0%
0%
0%
0%
Iздеу