Сұрақ #38008 Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс
Мәтіннің мазмұнын қарау және төмен тапсырманы орындау.

Теңіз жұлдызы

Теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі жерден бір нәрселерді алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.

– Сен не істеп жатырсың? – деп сұрайды әлгі кісі.

– Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой, –дейді бала таңырқап.

– Бұл ақымақтық қой! – дейді әлгі адам, – қарашы, олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?

Бала шамалы ойланып, келесі теңіз жұлдызын қолға алады да, теңізге қайтарып жатып:

– Дәл осы жұлдыздың тағдыры үшін жасағанымның мәні үлкен, – депті.

Мәтіндегі баланың іс-әрекетіне сәйкес мінездеме

Шешім
0%
0%
0%
0%
0%
Iздеу