Сұрақ #38010 Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс
Мәтіннің мазмұнын қарау және төмен тапсырманы орындау.

Жауапкершілік жүгі

1. Ерте, ерте, ертеде ақшасы мен дәулетінің көптігіне қарамай өмірінен түңілген, өмір сүруден жалыққан бір ханзада болған екен. Достары, іні-бауырлары аңшылыққа шығып, қыдырып жүргенде жаңағы ханзада бөлмесінен шықпайды, еш нәрсеге қызықпайтын болады. Баласының мұндай жағдайын көрген әкесінің жүрегі ауырады.

2. Бір күні хан сол елдің ең білімді ғұламасын шақырып, жағдайды түсіндіріп, баласының дертіне бір дауа табуын бұйырады. Ойлануға бар-жоғы бір апта беріледі. Осы уақыт ішінде ешқандай шешім табылмайтын болса, ғұламаны жазалайтынын ескертеді.

3. Ғұлама күн демей, түн демей ойланса да, ешбір амал таба алмайды. Ханның сөзін ескеріп, өлкеден қашып кетуді жоспарлайды. Жақындарымен қоштасып, жиған-тергенін арқасына артып кетіп бара жатып, бір ауылдың маңайында қой бағып жүрген жас қойшыны көреді. Онымен біраз әңгімелеседі. Қойшы: “Аға, аз уақытқа қойларымды бағып берсеңіз. Түскі асымды алмай шығыппын, үй жаққа барып соны ала келейін деп едім,” – дейді.

4. Ғұлама біреуге болса да жақсылығым тисін деген ниетімен қуана келіседі. Бар ынта мен назарын мойнына алған жауапкершілігіне салып тұрғанда, бір қозы ойнап жүріп ор ішіне домалап түседі. Қозыныор ішінен шығармаса, өзі шығаалмайтыны анық. Қойшы баланың алдында «ұят болды-ау» деп, ғұлама орға түскен қозыны құтқармақшы болады. Осы мақсатпен орға түседі.

5. Қозыны арқасына байлап ордан шығуға тырмысады. Бірақ қозының ауырлығынан көпке шыдамай қайта орға құлайды. Қайта тырмысып, қайта құлап, әрең дегенде қозыны ордан алып шығарады.

6. Жас досына берген уәдесін орындау үшін, бір қозыны құтқарам деп жанталасып жүріп, өзінің басына түскен жағдайды, елін тастап кетіп бара жатқанын естен шығарады. Есіне түскенде ойланады: “Кімде-кім бастаған істің сәтті аяқталуын мақсат етіп, қойған мақсатына толық берілген болса, ол кісінің ешқашан іші де пыспайды, басқа еш нәрсені көңіліне де алмайды.”

7. Осыны ойлап ғұлама қашудан бас тартады. Ханның алдына барып:

– Уа, мәртебелім, егер ханзаданың еш нәрсеге қызығушылығы жоқ болып іші пысса, өмірден түңіліп жүрсе – оған жауапкершілік жүктеңіз, бос уақыты болмайтын тапсырма беріңіз. Іш пысқандықтың, өмірден түңілгендіктің негізгі себебі – еріккендік. Беретін тапсырмаңыз қаншалықты үлкен, жазасы қаншалықты ауыр болса, балаңыздың өмірге деген көзқарасы соншалықты тез өзгеріп, құштарлығы артып, жаңадан тыныс алғандай болады”, – деген екен.

Ақымақ ойбай салар,

Ақылды ойға қалар.

Қай кейіпкерге қатысты айтылған ой екенін анықтаңыз

Шешім
0%
0%
0%
0%
0%
Iздеу