Сұрақ #5934 Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс
Мәтіннің мазмұнын қарау және төмен тапсырманы орындау.

Гүл ‒ жер бетіндегі ең сұлу жаратылыс. Гүлдердің ешкімге зияны жоқ, керісінше, айналасындағыларға шаттық пен қуаныш, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, адам жанын жадыратып жіберетін қасиетке ие.

Есте жоқ ерте замандарда, яғни көркемсөз өнері дамымаған, хат жазу дәстүрі кең тарамаған кезде адамдар өздерінің сезімдерін гүл арқылы жеткізетін болған деседі. Одан бері қанша ғасыр өтсе де, бұл дәстүр сақталып келеді. Гүлдердің сырына үңіліп көрейік.

Мысалы, қызғалдақ ‒ дүние жүзінде кең тараған әдемі гүлдердің бірі. Қызғалдақтың отаны туралы пікірталастар өте көп. Шын мәнінде, қызғалдақтың отаны ‒ Қазақстан!

Сакура ‒ Жапонияның символы болып табылатын гүл. Оның гүлдеуі адамның сана-сезімін еріктен тыс әдемі нәрселерді ойлауға жетелейді.

Раушан гүлінің отаны ‒ Иран, ол ертеректе Персия елі болып есептелетін. Өз тілдерінде оны «гюл» деп атайды. Сонымен бірге елінде оны «гюлистан» дейді, аударғанда «раушандар бағы» деген мағынаны білдіреді. Ал Үнді еліне раушан гүлі Бабуру басшысының арқасында жерсіндірілген. Грекияға гүлді батыс елдерден келгендер әкелген, кейін гүл махаббат пен әдеміліктің символы саналады.

Дицентра ‒ Германияда «жүрек гүлі» ретінде танымал болса, поляктар оны «Құдай-Ананың туфлиі» деп атайды, ал француздар «Жаннетта жүрекшесі» деп атаса, орыстар «жаралы жүрек» деп атайды. Ал барлық ағылшын тілділер оны «қанды жүрек» деп атайтын көрінеді. Қалай атаса да, әр елдің осы гүлмен байланысты өз тарихтары бар.

Орхидеялар әлемнің ең әдемі гүлі болып табылады. Адамдар орхидеяға өте ертеден-ақ қызығушылық танытып келеді. Бұл гүл туралы тарихи әңгімелер мен жазбалар өте көп. Чарлз Дарвиннің өзі бұл гүлдің құпиясы мол гүл деп сипаттап жазған болатын.

«Құпиясы мол гүл» деген сипатқа лайық

Шешім
0%
0%
0%
0%
0%
Iздеу