Қанаттың қыры 1 см-ге тең 42 кубигі бар. Ол тік бұрышты параллелепипед жасау үшін барлық кубиктерін толық пайдаланды. Параллелепипедтің табанының периметрі 18 см. Параллелепипедтің биіктігін табыңыз.
K және M нүктелері ABCD тіктөртбұрышының AC диагоналын бірдей үш кесіндіге бөледі
А бағаны
В бағаны
х -тің орнына қойылатын санды табыңыз.
Сабақтан кейін үшінші сыныптың оқушылары мұражайға барды. Мұражай кіреберісінде мұғалім оқушыларды үш қатармен сапқа тұрғызды. Ералы, Ибрагим, Әли үшеуі әр сапқа қатар тұрды да өздері алдынан санағанда 7-ші, артынан санағанда 5-ші қатарда тұрғанын білді. Мұражайға қанша оқушы барғанын табыңыз.
Қызыл, жасыл, көк, сары түсті 123 шар бар. Қызылдан басқа шарлардың саны 94, жасылдан басқа шарлар 81, көктен басқа шарлар 89. Көк шарлардың саны қанша?
Бір газеттің жалпы бетінің саны 48 және оның ішіндегілердің барлығы тек екібеттік қағаздар. Осы газеттен әрбір екі беттігін алып ашып қарағанда, беттік нөмірлерінің қосындысы қандай да бір тақ санды береді. Ол қай сан?
М және N нүктелері – ABCD параллелограмының ВС және AD қабырғаларының орталары. Егер ABCD параллелограмының ауданы 56-ға тең болса, онда параллелограмының штрихталған бөліктерінің аудандарының қосындысын табыңыз.
Үстел үстінде бір қорап кәмпит жатыр. Саян кәмпиттің жартысын алды, ал қалған кәмпиттердің жартысын Кәусар алды. Арай қалған кәмпиттердің жартысын алды, сол кезде қорапта 3 кәмпит қалды. Қорапта басында қанша кәмпит болғанын табыңыз
Суретте таразы тепе-теңдікте орналасқан болса, өрнегінің мәнін табыңыз.
Егер болса, неге тең
Математикалық сауаттылықОқу сауаттылығыҚазақстан тарихыБиологияГеографияМатематикаҚазақ тілі мен әдебиетФизикаДүние жүзі тарихыАғылшын тіліНеміс тіліФранцуз тіліХимияАдам. Қоғам. Құқық