Астана қаласына қыдырып келген Абзал төмендегі кестені пайдаланып, екі күнге автомобильді жалға алу үшін ең тиімдісін (арзанын) есептеп алды. Егер Абзал күніне 150 км жүрген болса, онда қанша ақша төлегенін анықтаңыз
Автомобиль тұтынатын жанармай
1 л
жанармайдың бағасы (теңгемен)
Әр 100 километрге жұмсалатын жанармай (литрмен)
1 тәулікке
жалға алу бағасы (теңгемен)
Дизель
105
8
17500
Бензин
120
12
16500
Газ
45
16
17000
Жолда бір журналдың екі бетін тауып алдық. Оң жағында 41-бет, сол жағында 12-бет жазылған. Журнал неше беттен тұрады?
Суретте Нұргүл жұмыс істейтін мекеменің жұмыс тәртібі көрсетілген. Нұргүлдің аптасына қанша сағат жұмыс істейтінін анықтаңыз
Аулада ақ және сұр қояндар жүр. Барлық қояндардың 60% – ы сұр қояндар, қалғандары – ақ қояндар. Сұр қояндар ақ қояндардан бесеуге артық. Аулада барлығы неше қоян жүр?
Заңдылықты анықтап, сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыз
Әсем пойыздың басынан есептегенде жетінші вагонға отырды. Мадина пойыздың соңынан есептегенде жетінші вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Пойызда неше вагон бар?
Асанның ұялы телефонына шифрленген келесі жазу келді: 1341215126718. Бұл жазуда әр түрлі цифрлар әр түрлі әріптерді көрсетеді, ал бірдей цифрлар -бірдей әріптерді көрсетеді. Шифрленген жазуды анықтаңыз.
Асқардың сары және жасыл жейделері; көк және қара шалбарлары; сұр, қоңыр және ақ туфлилері бар. Асқар барлық жейделерін, шалбарларын және туфлилерін ауыстырып кигенде неше түрлі болып киіне алады?
Сұрақ белгісінің орнында бола алатын санды табыңыз.
7-ге бөлгенде 1 қалдық қалатын, ал 8-ге бөлгенде 2 қалдық қалатын ең кіші натурал санды табыңыз.
Математикалық сауаттылықОқу сауаттылығыҚазақстан тарихыБиологияГеографияМатематикаҚазақ тілі мен әдебиетФизикаДүние жүзі тарихыАғылшын тіліНеміс тіліФранцуз тіліХимияАдам. Қоғам. Құқық