Білім министрлігі «Дарын» сыйлығын заң арқылы бекітуді ұсынды

АСТАНА. 12 «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығын заң арқылы бекіту көзделіп отыр.Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының   таныстырылымы барысында мәлім болды.

Заң жобасы бойынша баяндаған Білім және ғылым министрінің орынбасары Махметғали Сарыбековтың айтуынша, жастар саясатын қолдауға арналған қолданыстағы заң 2004 жылы қабылданған. Бұл құжат жалпылама әрі шектеулі сипатты қамтығаны белгілі.

«Ал жаңа заң жобасында  біз мемлекеттік органдардың жастар саясатындағы құзыретін нақтылап қана қоймай, жастарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау бойынша нақты шараларды заң жүзінде бекітуді мақсат тұтып отырмыз. Осы ретте «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» қолданыстағы заңға 17 ұстаным, «Білім туралы» заңға 1 ұстаным бойынша өзгерістер енгізілетін болады», - дейді министрдің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, заң жобасы бойынша жастар саясатын сапалы іске асыру үшін алғаш рет еліміздің барлық аймақтарында жастар саясаты  жөніндегі уәкілетті органдар құру ұсынылады. Бұндай басқарма қазіргі таңда тек Алматы қаласында ғана бар көрінеді. Ондай органдар жастар бастамаларын қолдап, жүзеге асыруға жәрдемдеседі.

«Бұдан бөлек бірінші рет жеке бап енгізу арқылы «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығын заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынып отырмыз. Осылайша біз жастар сыйлығының мәртебесін күшейтіп, оның заңнамалық деңгейін қамтығымыз келеді», - дейді М. Сарыбеков.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе