Аграрлық университетті бітіретін экономистер үшін ауылшаруашылық кәсіпорындарда тәжірибеден өту міндетті болмақ

АСТАНА. 21 С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Экономикалық мамандықтар бойынша кәсіби біліктіліктерді қалыптастыру үшін білім алушылардың бағытын анықтау» тақырыбымен дөнгелек үстел отырысы өтті.Дөңгелек үстел отырысын университет ректоры Ақылбек Күрішбаев ашты. Оның барысында - жұмыс берушілердің талаптарына сай түлектердің кәсіби біліктіліктерін анықтау және оқу үдерісін жетілдіру жолдарын жасау; нақты кәсіпорындарда мамандарды тапсырыс бойынша даярлаудың жолдарын қарастыру; жұмысқа орналастыру және тәжірибенің барлық түрлері бойынша ұзақмерзімдік келісімшарттар жасау; серіктес кәсіпорындарда тәжірибелік, зертханалық, студенттердің өзіндік жұмысы, студенттердің оқытушылармен өзіндік жұмысы сабақтарын өткізу мәселелері қарастырылды. Іс-шараға қатысушылар жоғары білім беру саласында жүйеге келтірілуі тиіс мәселелер бар екендігімен келісіп, сабақтарды жүргізу, түлектердің кәсіби біліктілігін көтеру және тәжірибеден өткізу, олардың өзіндік білім алу бағыттарын дамыту мәселелеріне қатысты пікір алмасты.

«Дөңгелек үстелдің» жұмыс нәтижесі бойынша бірқатар нақты шешімдер қабылданды. Мәселен, университеттің материалдық-техникалық базасын жетілдіру, оқу үдерісінде тренингілік оқыту формасын пайдалануды қолға алу, грант бойынша экономикалық мамандықтарда оқитын студенттерді ауылшаруашылық кәсіпорындарға тәжірибеден өтуге міндетті түрде жіберу, таңдамалы пәндер тізіміне технологиялық пәндерді қосу, мамандарды тапсырыспен даярлау бойынша кәсіпорындармен жасалатын келісімшарттарының санын арттыру келісілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе