С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да Нобель сыйлығы лауреаттарының қатысуымен онлайн бейнеконференция өткізілді

АСТАНА. 22 Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде VI Астаналық экономикалық форумы аясында Нобель сыйлығы лауреаттарымен онлайн бейнеконференция өткізілді, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметінен.Аталған шара С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың «Ауыл шаруашылығы биотехнологиясы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-не экскурсия жасаумен басталды. Конференцияда физика-математика ғылымдарының докторы А.С.Ногай жердегі адамзат энергетикасының мәселелерін шешу үшін ғарыш энергетикалық қорларын пайдалану және баламалы энергия технологияларын пайдаланудың жаңа әдістері туралы сұрақтар қойды.

Конференцияға Нобель Сыйлығы лауреаттары - Сэр Джеймс Миррлис, Роберт Ауманн, Роберт Манделл, Джордж Фицжеральд және  т.б. қатысты.

Сонымен қатар, конференция жұмысына университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе