Батыс Қазақстанда алғаш рет «Үздік әлеуметтік педагог» байқауы ұйымдастырылды

ОРАЛ. 23 22 мамыр күні облыста алғаш рет «Үздік әлеуметтік педагог» байқауы өтті. Оралдағы №1 орта мектеп базасында ұйымдастырылған байқауға аудандық және қалалық кезеңдерде женімпаз атанған 12 әлеуметтік педагог қатысты.Мақсат - әлеуметтік педагогтардың кәсiби шеберлігін шыңдау, жасөспірімдерді тәрбиелеу бағыттындағы шығармашылық ізденіске тарту, жұмыс барысында инновациялық технологияларды қолдануды насихаттау, шығармашыл педагогтарды анықтау, тәжірибе алмасу және ұстаздардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 1-орын бөрлілік (Березов орта мектебі) С.Геймурға бұйырды. 2-орынды Орал қаласы №32 мектебінің әлеуметтік педагогы Л.Вяткина еншіледі. Ал С.Зиятов (Сырым ауданының А.Жұмағалиев атындағы мектеп) пен М. Құсайынова (Ақжайық ауданының Қаршы орта мектебі) 3-орынға жайғасты.

Сондай-ақ жекелеген әлеуметтік педагогтар түрлі аталымдар бойынша марапатталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе