Жамбыл облысында апатты мектептер мәселесі 2017 жылға қарай толығымен шешімін табады

Жамбыл облысында апатты мектептер мәселесі 2017 жылға қарай толығымен шешімін табады. Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев осылай айтты.Өңір басшысының айтуынша, соңғы жылдары облыста балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту мәселесі оң шешімін тауып келеді. Мәселен, «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі мекемелердің саны соңғы 5 жылда 193-тен 387-ге дейін артқан. Осылайша, балаларды мектепте дейінгі біліммен қамту деңгейі облыста 67,6 пайызға жетіп отыр.

«Өңірде жаңа мектептер құрылысын салу, соның ішінде апатты мектептер жағдайы басты назарда. Бүгінгі күні өңірде 21 апатты мектеп бар болса, ағымдағы жылы 11 апатты мектептің орнына жаңа ғимараттың құрылысы басталды. Ал 2016-2017 жылдары қалған 10 апатты жағдайдағы мектептің құрылысы жүзеге асатын болады. Осылайша, Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, облысымызда 2017 жылы апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі толығымен жойылады», - деді К. Көкірекбаев брифинг барысында.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе