Әр өңірде жастар саясаты басқармаларын құру жоспарлануда - Білім және ғылым вице-министрі

АСТАНА. 24 2012 жыл Қазақстанның жастар саясаты тарихында атаулы жыл болады.Бүгін Астанада «Бірлік.кz» республикалық жастар форумы барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков осылай атап көрсетті. 

Оның айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігі Парламент Мәжілісіне мемлекеттік жастар саясаты мәселесі жөніндегі жаңа заң жобасын енгізді.

«Жастар бастамалары мен бағдарламаларын іске асыру жолындағы кедергілерді жою үшін, жастар саясаты саласындағы мемлекеттік және жергілікті органдардың құзыры жаңа заң жобасы негізінде бекітілетін болады. Білім беру саласы бағдарламаларын орындау үшін 2013 жылдан бастап әр облыста жастар саясаты басқармаларын құруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Елбасының атына жастар істері комитетін құру жөнінде арнайы ұсыныс енгізілді», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе