Тегеран университеті Азиядағы үздік 10 жоғары оқу орнының қатарына кірді

АСТАНА. 27 Тегеран университеті (Иран Ислам Республикасы) сәулет және дизайн саласы бойынша Азиядағы үздік 10 университеттің қатарына кірді.Бұл туралы IRNA ақпараттық агенттігінен хабарлайды.

 Малайзия Технологиялық университетінің сәулет саласы бойынша Азияның үздік университеттері рейтингісінің қорытындысына сәйкес Тегеран университетінің сәулет факультеті сегізінші орынға ие болды.

 Малайзияның технологиялық университетінің баяндамасында Иранның математикалық және инженерлік ғылымдарды қосқанда көптеген мамандықтар бойынша терең білім бергені айтылады.

 Бұл рейтингте Токио технологиялық университеті бірінші орынға ие болды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе