Қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру үшін арнайы курстар мен оқыту орталықтарын ашу аздық етеді - Тіл комитетінің төрағасы

АСТАНА. Қарашаның 24/Арман Асқаров/ - Қазақ тілін оқыту жұмысын үзбей жүргізу қажет. Бүгін Астанада басталған «Тіл мен әдебиетті оқытудың теориясы мен әдістемесіндегі инновациялық технологиялар: мәселелер және даму жолдары» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Ербол Шәймерден осылай  атап  өтті,деп .

«Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру үшін арнайы курстар мен оқыту орталықтарын ашу аздық етеді. Бұл жұмысты балабақшадан бастап жоғары оқу орнына дейін үзбей жүргізу қажет. Сондықтан арнайы бірізді бағдарлама әзірленуі шарт. Осыған орай жоғары оқу орнын бітірген жастарға қазақ тіліндегі сөздердің санын білуге қатысты  нақты талап қойылуы шарт. Біздің зерттеуіміз бойынша, жоғары оқу орнында білім алып жүрген жастар күніне екі-үш сөзден үйренген кезде, оқуды аяқтағанда қазақ тілінде еркін сөйлеуге мүмкіндік беретін сөздік қорын жинай алады»,  дейді Е. Шәймерден.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе