Назарбаев Университеті Қазақстанның болашағына жұмыс істейтін болады - Елбасы

АСТАНА. 1 Назарбаев Университеті Қазақстанның болашағына жұмыс істейтін болады. Бұл туралы бүгін Нұрсұлтан Назарбаев аталған жоғары оқу орнының жұмысымен танысқаннан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында айтты.

«Бұл Университетті іске қосқанымыз еліміз үшін өте қажет болғандығын» атап өткен Елбасы, «себебі мұндай деңгейдегі Университет Қазақстанда жоқ. Егерде барлығын түсіндірер болсақ, біз жастарды шетелге шығарып оқытуды бастағанымыз өте дұрыс болды. Себебі, осы Университеттің ішіндегі 100-ден астам профессор, оқытушылар «Болашақ» бағдарламасымен дүниежүзінің университеттерінде білім алған жастар. Негізінен қазіргі жастарды оқытып жатқандар да солар. Бұл білім ордасы жалпы Қазақстанның болашағына жұмыс істейтін болады»,-деді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе