Белгиядағы студенттер курстастарын Қазақстанның мемлекеттік рәміздерімен таныстырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай Бельгиядағы қазақстандық студенттер шетелдік курстастарына ұлттық тағамдарды ұсынып, өздерінің елі мен оның мемлекеттік рәміздері туралы баяндап берді.«Бельгиялық студенттер үшін қазақ ұлттық тағамдарын әзірлеп, шетелдіктерді мәдениетіміз және тарихымызбен таныстырып өттік, оның Елтаңбасы мен Туы туралы баяндап бердік, Әнұрамызды шырқадық», - деді Брюссель Біріккен бизнес институтының үшінші курс студенті Дамира Ділмұхамедова.

Шетелдік студенттер біздің отандастарымызды қызығып тыңдап, Қазақстанның экономикалық жетістіктері, сондай-ақ елдегі инвестициялық климат туралы сұрақтарын қойды. Шетелдіктерді сондай-ақ қазақтың дәстүрлері мен салттары қызықтырды. Кейбір жас бельгиялықтар Қазақстанға бару ниетін білдіріп өтті.

«Курстастарымызбен бірге Әнұранды орындадық. Бұл сәтте кеудемді Отаным үшін деген мақтаныш және махаббат сезімі кернеді. Әнұран сөздерін ойдан өткізгенде, туған жерімді есіме түсірдім. Сол кезде үйде, жақындарымның қасында болғым келді», - деп бөлісті Дамира.

Шетелдік жұртшылыққа ет, палау, бауырсақтардың дәмін көру ұсынылды. Қонақтардың әрқайсысына естелік кәдесыйлар тарту етілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе