«Технологияларды коммерцияландыру» жобасы аясында гранттық бағдарлармалар бойынша іріктелінгендерге сертификаттар табысталады

АСТАНА. 21  22 маусымда Алматыда ҚР Білім және ғылым министрлігі «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы аясында гранттық бағдарламалар бойынша іріктеліп алынған жобалардың иегерлеріне сертификаттарды табыстау рәсімін өткізеді.Аталған ведомствоның мәліметінше, биылғы 18 маусымнан бері ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанындағы, АҚШ-тың, Германияның, Сауд Арабиясының және Ресейдің көрнекті ғалымдарынан тұратын Халықаралық ғылыми және коммерцияландыру жөніндегі кеңес мүшелері қазақстандық ғалымдар ұсынған коммерциялық маңызы бар ғылыми жобалар жөніндегі өтінімдерді қарастырды.  Ұсынылған ғылыми жобаларға қойылатын негізгі талаптар - Қазақстан Республикасының экономикалық және инновациялық дамуына ықпал ететін ғылыми-техникалық жаңалықтар болуы тиіс.Осы гранттық бағдарламаға арналған байқауға еліміздің көрнекті ғылыми орталықтары, ғылыми зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары қатысты. Халықаралық ғылыми және коммерцияландыру жөніндегі кеңес мүшелерімен нано, магнегаз, био, микротехнологиялар, алтернативті энергетика, химия, робототехника, медицина, ауыл шаруашылығы, вирусология және басқа да салалар бойынша отандық ғалымдарымызбен ұсынылған 232 жобаның ішінен 25 жоба іріктеліп алынды.Нәтижесінде Халықаралық ғылыми және коммерцияландыру жөніндегі кеңес мүшелерімен еліміз үшін коммерциялық маңызы бар деген 12 ғылыми әзірлеме анықталды. Осылайша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы шеңберінде аға және кіші ғылыми қызметкерлер топтарына арналған 22 ғылыми жобаны қаржыландыратын болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе