Биыл елордада коррекциялық тағы бір балабақша ашылады

– Биыл елордада көру қабілеті төмен балаларға арналған тағы бір балабақша ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-да жазды, деп . «Көру қабілеті төмен балаларға арналған балабақшаның құрылысын биыл аяқтаймыз. Мекеме Сарыарқа ауданында орналасқан (Колхозная және Бигелдинов көшелерінің қиылысы). 100 орынға есептелген. Жаңа балабақшаға зағип және көру қабілеті төмен балалар барады. Қазір елордада мұндай 2 балабақша бар», - деді елорда әкімі. Қала басшысының айтуынша, ағымдағы жылы жалпы 12 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. 2021 жылы тағы 12 мектеп салынады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе