Назарбаев Университетіне қарап Қазақстанның басқа жоғары оқу орындары да өз деңгейлерін көтерулері тиіс - Мемлекет басшысы

АСТАНА. 1 Назарбаев Университетінің құрылымы одан әрі кеңейіп келеді. Бүгін Мемлекет басшысы аталған университеттің жұмысымен танысқаннан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында осылай мәлім етті.

«Болашақта біз Қазақстанды өркендеп, өскен ел жасаймыз десек, ғылым мен технологияға ден қоюымыз керек. Ол үшін сол салаларды игеретін мамандар қажет. Мамандарды даярлайтын бірден-бір Университет осы болуы қажет. Осы Университетке қарап Қазақстанның басқа университеттері де өздерінің деңгейлерін көтерулері тиіс»,-деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, білім ордасында елімізге қажетті ғылыми мамандарды дайындаумен қатар, білімді өндіріске енгізетін технопарктер құрылады.  «Университеттің құрылымы әрі қарай өсе беретін болады»,-деді Президент.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе