Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың 38 пайыздан астамы мектептен кейін білімін мүлдем жетілдірмеген

Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың 38 пайыздан астамы мектептен кейін білімін мүлдем жетілдірмеген. Бүгін Сенатта «Қазақстан Республикасындағы орта техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың болашағы мен оны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету шаралары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция барысында сөз сөйлеген палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті. «Кәсіптік техникалық білім беруді жаңғырту ел экономикасының негізгі салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушілермен өзара тиімді әрекеттестікті талап етеді. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, жұмыс берушілердің үштен екісі жұмысшы кадрларының білімі мен дағдыларының жеткіліксіз деңгейі бизнестің дамуына кедергі болатынын айтқан», деді Сенат Төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтылған халықты 30 пайызының ғана кәсіптік білімі бар.

«Ал 32 пайызы жоғары оқу орнын бітірген болса, 38 пайыздан астамы мектептен кейін білімдерін мүлдем жетілдірмеген», - деді спикер  Қ. Тоқаев
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе