Астанада жоғары білім беру көшбасшыларының III Еуразиялық форумы өтеді

2014 жылғы 11 - 12 маусымда Назарбаев Университетінде білім беру саласында ірі оқиға болып табылатын III Жоғары білім беру көшбасшыларының еуразиялық  форумы (EHELF) өтеді.«Биылғы жылғы форумның негізгі тақырыбы - «Табысты университет: оның құрылу жолдары». Іс-шара мынадай панельдік сессияларды қамтиды: «Табысты университет болудың маңызы не?», «Қалай табысты университет болуға болады: жаңа университет құру немесе қолданыстағыны  қайта құру қажет пе?», «Табысты университет студенттер көзімен», «Табысты университет оқытушылар көзімен», «Табысты зерттеу университеттері»,   деп хабарлады Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаментінен.

Шақырылған қонақтардың ішінде   Қазақстанның жетекші ЖОО басшылары, Кембридж университетінің, Торонто, Хартфорд, Дьюка университеттерінің, Фукуа атындағы бизнес мектебінің профессорлары мен ғалымдары бар.

«Форумға спикерлер ретінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу, Беларусь Республикасы Білім министрі Сергей Маскевич және т.б. сөз сөйлейді»,  деп жазылған хабарламада.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе