Қазақстан дипломы Ресей мен Беларусьта да жарамды болады - Т.Доскенов

Қазақстан дипломы Ресей мен Беларусьта да жарамды болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі Талғат Доскенов айтты.Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселе елордада  өтетін Бірыңғай экономикалық комиссия департаменттері мен комитеттерінің отырысы аясында кеңінен талқыға түсетін болады. Ал аталған отырыстар Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттері Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа қол қоярдың алдында, яғни 20 мамыр күні өтпек.

«Отырыстарда дипломдарды заңдастыру мәселесі қаралады. Біз дипломдарды танудағы кедергілерді жою үшін оның автоматты түрде болмаса да жартылай автоматты режімде өтуін қалаймыз. Бұл әрқайсымыздың еркін жүруіміз үшін қажет. Өйткені, біз ортақ еңбек нарығын құрудамыз», - деді ол.

Сонымен қатар Т.Доскеновтің атап өтуінше, аталған алқалы жиындар барысында білім саласынан бөлек еңбек көші-қоны, зияткерлік меншік мәселелері де жан-жақты талқыланатын болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе