Петропавлда жаңа оқу жылында 2500 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

ПЕТРОПАВЛ. 1 Бүгін Білім күні атап өтілуде. Қызылжардың барлық мектептерінде салтанатты шаралар өтуде. Биыл 2500 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттап отыр.Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметтерінше, биылғы оқу жылында Петропавлдағы мектеп оқушыларының саны 20 мыңнан асып жығылады. 2466 оқушы бірінші сыныпқа барды, соның ішінде 673-і мемлекеттік тілде, 1793-і орыс тілінде білім алатын болады.

Жаңа оқу жылында жоғары білімді 1748 педагог (89%), 216 (11%) орта білімді мұғалімдер сабақ береді. Сонымен қатар 67 жас маман ұстаздар қатарына қосылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе