Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтынан 200 жас лейтенант түлеп ұшты (ФОТО)

Бүгін Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтын тоғызыншы рет  жас лейтенант түлектер бітіріп шықты. Биылғы жылы әскери оқу орнын 207 адам тәмамдайды», деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Өздерінің үздік білімдерін дәлелдеген 4 лейтенант: М. Баекешов, А. Хамитов, А. Бралин және М. Смаилов алтын медаль иеленді. Сонымен қатар 13 түлек үздік диплом иесі атанды. Институтты аяқтағаннан соң бітірушілердің барлығына «инженер» біліктілігі беріледі. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында олар радиобайланыс пен радио желісінің ашылуы, байланыс желісі мен коммутация жүйесін, зениттік-зымыранды әскерлердің радиотехникасын, радиотехникалық әскерлерді, ҚӘ ӘШҚҚ, автоматтандырылған басқару жүйесін зерделейді. Бұдан өзге, бүгін Құрлық әскерлерінің әскери институтын курсанттар бітіруде. Бүгін институтты 368 офицер аяқтайды, олардың ішінде 18 курсант Қырғыз Республикасының, ал 8 курсант Тәжікстан Республикасының азаматы.

Осы орайда 10 курсант үздік дипломмен бітірді, сонымен бірге 2 қазақстандық және 1 Тәжікстанның өкілі алтын белгінің иесі атанды. «Бүгін біздің оқу жолымыз аяқталды. Маған бұл институтты бітірушілердің бірі болу, ҚР Қарулы Күштерінің офицері атағын мақтанышпен алып жүрудің өзі үлкен құрмет. Қазірдің өзінде бірқатар түлектер ірі әскери бөлімшелер мен ведомстволарды басқарып, жоғары әскери атақтарға лайықты болып отыр», - деді Құрлық әскерлері әскери институтының түлегі Ерасыл Сейілханов. Аталған рәсімде қарумен саптық әдістер көрсетіліп, қол күресі бойынша курсанттардың қойылымы өтті. Іс-шара бітірушілердің Жауынгерлік тумен қоштасуымен және лейтенанттардың дәстүрлі вальсімен аяқталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе