Алматылық оқушы ақша мен уақыт үнемдейтін мобильді қолданба жасады

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 L сынып оқушысы Нұржан Исабаев Fordham University-дің (Нью Йорк, АҚШ) грант иегері атанды. Сондай-ақ, мектеп бітіруші Drexel University-ден (Пенсильвания, АҚШ) шақырту алды, деп тілшісі.Мектеп баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұржан Нью-Йорктегі «One World Trade Center» компаниясында арнайы тағылымдамадан өтіп, тиімді маркетинг стратегияларын құруға көмектескен. Сондай-ақ, оның тәжірибелік қоржынында маркетинг бойынша Arbat Real Estate group-те, менеджмент бойынша Агро-гарант ЖШС-да және трейдинг бойынша AlphaLux consulting-та өткен тағылымдамалары бар.«Сондай-ақ, ол XV халықаралық «Еуразия» кинофестивалін ұйымдастыруға қатысқан. Мектеп іс-шараларын ұйымдастырушы құрамның да белсенді мүшесі. Сонымен қатар, көшбасшылық бойынша өткен форумдарда бірнеше рет спикер болған»,– деп хабарлайды мектептің баспасөз қызметі.Қазір түлек досымен бірге ұялы қолданба әзірлеумен айналысып жатыр. Айтуынша, бұл жоба адамдардың басты ресурстары - уақыт пен ақшасын сақтап қалуға бағытталған. Авторлық қолданбаны отандық нарыққа шығаруды жоспарлап отыр. «Қолданба арқылы сіз қызмет көрсететін кез келген мекемеден 10 секунд ішінде орын брондай аласыз. Атап айтар болсам, медициналық орталықтар, мейрамхана, шаштараз, нотариус және т.б. Сонымен бірге, клиенттер картаға кэшбэк алады (қызмет құнының пайызы)»,– дейді Нұржан Исабаев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе