Қазақстанда жетіспей отырған мамандықтар анықталды

АСТАНА. 13 сәҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қарасты Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі тау-кен секторының жер қойнауын пайдаланушыларға жетіспей отырған мамандықтарды анықтады.Алдағы 6 айдың ішінде агенттік аталған министрліктің жұмыс тобы құрамында жер қойнауын пайдалану саласына қажетті жоғары, техникалық және кәсіби мамандықтардың тізбесін анықтамақ. Дегенмен жер қойнауын пайдаланатын 40 компанияға жүргізілген алдын ала сараптама тау-кен секторына жетіспейтін бірқатар мамандықтарды анықтап отыр. Тізімде геолог мамандығы көш бастап тұр. Атап айтқанда 30 компанияға геологтар, 21 компанияға тау-кен инженері, 19 компанияға маркшейдерлер, 12 компанияға автоматтандыру және басқару саласының мамандары, қауіпсіздік техникасы инженерлері, экскаваторшылар қажет. Сонымен қатар электрслесарлар, электрэнергетиктер, инженер-технологтар да жетіспейді.

Ұлттық агенттіктің бастамасын бірқатар министрліктер мен ведомстволар қолдауда. Ендігі уақытта құрамына Индустрия және жаңа технологиялар, Білім және ғылым, Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі агенттіктің,  Тау-кен өндіру және тау-кен металлургиясы қауымдастығының өкілдері кіретін жұмыс тобы құрылады.

Олар Қазақстанда жұмыс істейтін тау-кен кешенінің шамамен 190 компаниясына сараптама жүргізбек.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе