Ақтөбелік қайырымды жандар 16 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетпек

16 мыңнан астам ақтөбелік оқушылар материалдық көмек алады. Қайырымды жандар мен мекемелер балаларды жаңа оқу жылына дайындап жатыр, деп тілшісі.

Ақтөбе облысында балаларды мектепке дайындау 1 тамызда басталды. Аз қамтылған, көпбалалы отбасы балалар мен жетім балаларға көмек көрсету үшін арнайы желі іске қосылып, олардың сұраныс түгел ескеріледі.

«Екінші деңгейлі банктер мен барлық мемлекеттік мекемелер, мектеп ұжымы, құқық қорғау органдары балаларды оқуға дайындап жатыр. «Мектепке жол» акциясы аясында ата-аналарға арнайы желі ашылып, сұраныс қабылданды. Осы уақытқа дейін 9200-ден астам балаға көмек берілді. Бұл мақсатқа 94 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Барлығы 2 мыңға жуық оқу құралы, сөмке, 5200 мектеп формасы мен мыңнан астам аяқ киім сатып алынды. Бұл жылы 16 мыңнан астам балаға көмек беріледі»,- деді Ақтөбе облыстық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе