Жамбыл прокуратурасы шетелдегі діни оқу орындарынан 11 студентті қайтарды

«Жастар және дін» жобасын жүзеге асыру аясында облыс прокуратурасының органдары Қазақстанда дәстүрлі емес діни ағымдарды тарату қаупін азайтуға ниетті, деп тілшісі.«Соңғы уақытта қоғамда белсенді талқыланатын көкейкесті тақырыптардың бірі, діни экстремизм», - деді облыс прокуратурасының алқа мәжілісінде Жамбыл облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов. - Аталған бағыт бойынша биыл облыс прокуратурасының органдары атқарған жұмыстар жағдайға оң әсер етеді деп үміттенеміз.

Мәселен, қазіргі уақытта облысымыздың 23 тұрғыны шетелдік діни оқу орындарында білім алуда. Олар білім алған елдегі діни көзқарас біздің дәстүрімізге сай емес және олар елге оралып, сол елдің көзқарастарын насихаттауы мүмкін».

Биылғы жылдың екінші жартысында «Жастар және дін» жобасын жүзеге асыру аясында облыс прокуратурасы 11 студентті шетелден қайтарды, деп атап өтті облыс прокуроры. Оқуын жалғастырғысы келген студенттерге теологиялық білім беру мекемелерінде оқу ұсынылды, өзге тұлғалар жұмысқа орналасты. Прокуратура қызметкерлерінің пікірінше, бұл шаралар елдегі дәстүрлі емес діни ағымдардың таралу қаупін азайтады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе