Шетелдегi қазақстандық студенттер Қазақстанның жаһандық бастамаларына атсалыспақ

«ҚазАльянс» студенттiк ұйымы «Жасыл экономика» үшін және G-Global-ды дамыту» коалициясымен әрiптестiк жөнiнде меморандумға қол қойды.Шетте 27 елде оқып жүрген 38 мыңнан астам қазақстандық студенттердiң басын қосқан «ҚазАльянс» студенттiк ұйымы бiздiң мемлекетiмiздiң «жасыл» экономикаға өтуiн, «Жасыл көпiр» серiктестiк бағдарламасын және ЭКСПО-2017 көрмесiн алға жылжытуын жүзеге асыру бойынша жол картасын дайындайды. Көктемде ғана құрылған аталмыш ұйым бүгiнде үлкен iстер атқаруда.

«ҚазАльянс» үш ай iшiнде қазақстандық студенттердi шетелде ғана емес, ел iшiндегi студенттердi де жұмылдыра бiлдi. Бұл ұйым инновацияда, ғылымда және бизнесте өзiн-өзi iздеп отырған ұйым. Қазақстанның жас азаматтары бар әлеуеттерiн өз елдерiнiң болашағы үшiн жұмсауды жөн санайды. Бiзде осындай «ҚазАльянс» сияқты қуатты, мықты, креативтi серiктес пайда болғанына қуаныштымыз. Осы ұйыммен бiрге бiздiң елдiң жаһандық бастамалары әлемде танымал болады деп сенемiз», - деп атап өттi  «Жасыл экономика» үшін және G-Global-ды дамыту» коалициясының басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе