Иманды балғындар бәйгеге түсті

Бүгінде жыл сайын елорда мешіттерінде мектеп оқушыларына арналған жазғы діни сауат ашу курстарын өткізу игі дәстүрге айналғаны бұқараға белгілі. Міне, маусым айында бастау алған сауат ашу курстары да тәмам болып, балалардың білім деңгейін сынап, бағалау үшін бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде білім сайысы өтті, деп хабарлайды muslim.kz.«Білімге құштар иманды жас» сайысында жазғы курста білім деңгейі мен алғырлығымен көзге түскен Астана қаласының 7 мешіті мен «Нұр Астана» орталық мешітіне қарасты Ислам орталығында тәлім алған шәкірттер сынға түсті.«Таныстыру», «Ислам тарихы», «Иман негіздері және ғибадат» және «Әртүрлі тақырыптар» атты 4 кезеңнен тұратын білім бәсекесінде балалар бірінен бірі өткен алғыр, білімге құштар екендіктерін байқатты. Жарыс ережесі бойынша әр айналымда тақырыпқа сәйкес экранда таңдаған ұяшықтағы сауалдарға жауап бере отырып, соңынан жинақталған ұпайы төмен болған екі қатысушы ойыннан шығып отырады.Қазылардың ортақ шешімімен 1-орынды «Төлебай» мешітінен келген Әділет Жиенғалиев алып, оған былғары қаптамалы үлкен Құран кітабы, «Дін мен дәстүр» кітабы және арнайы марапат қағазы табысталды. Екінші және үшінші орынға «Нұр Астана» орталық мешітінің шәкірті Аман Мұхтарбек пен «Әзірет Сұлтан» мешіті атынан қатысқан Нұрсұлтан Нұрболов лайықты деп танылып, былғары қаптамалы Құран кәрім, «Дін мен дәстүр» кітаптары мен арнайы марапат қағаздарына ие болды. Өзге қатысушылар да құран кәрім, «Дін мен дәстүр» кітаптары мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе