Экономика өсіміне серпін беретін мамандықтардың дамуын қамтамасыз ету қажет - А.Тілеуов

Экономика өсіміне серпін беретін мамандықтардың дамуын қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің кафедра меңгерушісі, техника ғылымының докторы, профессор Асхат Тілеуов айтты.«Жаңа экономикалық саясатқа сәйкес экономика өсімі мен жұмыспен қамтуға барынша мультипликативті тиімділік беретін салалар барынша қолдау табуға тиіс. Бұл - көліктік, энергетикалық, индустриалды және әлеуметтік инфрақұрылымдар, шағын және орта бизнес», - деді кафедра меңгеруішсі.

А.Тілеуовтің атап өтуінше, Елбасы өз Жолдауында білім және ғылым саласына зор көңіл бөлді. Әсіресе, республиканың 10 жоғары оқу орнының материалды-техникалық базасын нығайту үшін мол қаржының бөлінетіндігі қуантарлық жайт.  

«Ең маңыздысы бөлінген қаржыны қазіргі заманауи мамандардың дайындығын қамтамасыз етуге бағыттаған жөн. Бірінші кезекте, экономика дамуына сапалы серпін беретін әрі дағдарысты жайттарды еңсеруге жол ашатын мамандықтардың одан ары дамуын қамтамасыз ету қажет. Қаржының мақсатты пайдалануын қамтамасыз етіп, шығыстарға қатаң бақылау жүргізу керек», - деді профессор.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе