Мемлекет басшысы Назарбаев Университеті студенттеріне өз өміріндегі елеулі оқиғалар жайлы әңгімеледі

АСТАНА. 1 Бүгін Елбасы  Астанадағы Назарбаев Университеті студенттерімен кездесу кезінде өзінің өміріндегі елеулі бетбұрыстар жайында баяндап берді.

«Менің болашақ өміріме металлургиялық комбинаттағы жұмыс істеп жүрген кезең өте қатты әсер етті. Мен іштей біздің экономиканың және Қазақстанның мүмкіндіктерін көрдім. Алайда, осы мүмкіндіктерге Одақтық орталықтар дамуға жол бермеді. Іс жүзінде біз Қазақстан Республикасы болдық, бірақ қолдағы барлық жағдайды иелене алмадық»,-деп тоқталды Мемлекет басшысы.

Бұл тұрғыда Президент еліміздің қара металлургиясы, мұнайы мен газы КСРО-ның министрліктерінің тікелей бақылауында болғанын жеткізді. «Барлығы солардың қолында болды. Мен сол кезде осы байлықтың барлығын Қазақстан үшін, біздің халқымыздың игілігіне пайдаланса, біз қазіргі кездегідей өмір сүретінімізді ойлайтынмын. Атап айтқанда, осындай деңгейде біздің балаларды барша әлемнің озық оқу орындарында оқытып, мұндай университет құру тәуелсіздігімізді алмасақ іске аспас еді. Осы кезең маған өте қатты әсер етті»,-деп атап өтті Н. Назарбаев.

Бұдан бөлек Елбасы Кеңес одағы ыдыраған уақытта оның өмірінде ерекше бетбұрыс болғанын жеткізді. Осы орайда Президент, өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы ауыр кезеңді еске алды.

«Мен сол кезде аса күрделі ахуалдан шығу жолы жайында көп ойландым. Маған сол кезеңдегі өмірімнің тәжірибесі елеулі әсер етті. Сонда Кеңес одағынан басқа дамыған елдердегідей экономикалық жағдайды жасау мақсат болды. Сол кезеңдегі кедейшілік енді сіздердің бастарыңыздан өтпесін деп тілеймін»,-деді Мемлекет басшысы студенттерге қаратып айтқан сөзінде.

Елбасы 90-шы жылдардың басындағы қиын кезеңдер өте қатты әсер еткеніне тоқтала келе, «Мен жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу бойынша 180 градусқа бетбұрыс жасадым»,-деді.

«Астананың құрылысы да үлкен бетбұрысты кезең болды. Мен бұл тұрғыда үлкен тәуекелге бардым. Жаңа Қазақстанға ынта мен күш-жігер беретін үлгі керек болды. Біздің мүмкіндігіміз бар екендігін көрсету қажеттілік етті. Осы іске кірісіп, барша Қазақстан осыны дәлелдеді»,-деп түйіндеді Н. Назарбаев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе