Білім министрлігі Қазақстан тарихы бойынша екі жаңа оқулық дайындауда

АСТАНА. 12 ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстан тарихы бойынша екі жаңа оқулық дайындайды, деп хабарлады ведомствоның жауапты хатшысы Әлия Ғалымова.«Бір оқулық ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтиды, екінші оқулық осы замандағы ұлттық тарихты түсіндіруге арналады», - деп хабарлады А.Ғалымова.

Отан тарихы бойынша жаңа сапалы оқулықтарды дайындау тапсырмасын ҚР Білім және ғылым министрлігіне маусым айының басында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин берген болатын. Оның сөзіне қарағанда, көптеген қазіргі Қазақстан тарихы бойынша оқулықтарда эмпирикалық мәліметтер: дата, цифрлар, топонимика, адам аттары көп. Және бұл артық мәліметтер оқушылардың білімін арттыруға мүмкіндік жасамайды, керісінше әсер береді, деп санайды Мемлекеттік хатшы. Тәуелсіздік кезеңіне арналған тараулар кей кездерде түсініктемеші немесе үстірт-сипаттамалық сипат алады. Жаңа басылымдарда тұтастай Орталық Азия аймағының дамуына ерекше назар аударылады. «Мәдени мұра» және «Ғылыми қазына» мемлекеттік бағдарламаларының шеңберінде деректер базасы қалыптастырылған. Олардың негізінде, сондай-ақ, әлемдік ғылыми қорларды пайдаланып, еліміз тарихының әділетті бейнесін жаңадан жасау қолға алынбақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе