Мәдениет министрлігі 31 томдық терминология сөздігін шығаруды қолға алды

АСТАНА. 16 Мәдениет және ақпарат министрлігі терминология саласы бойынша 30 томдық терминология сөздігін шығару жұмысын қолға алды.Бұл туралы бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Мемлекеттік тілді дамытудағы проблемалар туралы» мәселені талқылау барысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев мәлім етті.

Вице-министрдің айтуынша, соңғы рет мұндай басылым 1999-2000 жылдары жарыққа шыққан. «Содан бері қазақ терминологиясының базасы біршама кеңейді. Қазіргі уақытта 100-ден астам ғалым жаңа терминологиялық басылым шығару бағытында жұмыс жасауда. Осы жылы сөздіктің алғашқы 10 томын әзірлеу жұмысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Келесі жылы қалған 21 томын шығарамыз», - дейді А. Қырықбаев. 

Оның айтуынша, аталған өнімді әзірлеу салалық ғалымдар мен филолог мамандардың бірлескен жұмысының жемісі болмақ. «Басылымның әрбір томы Мемлекеттік терминологиялық комиссиясы тарапынан бекітіледі. Бұл өз кезегінде сөздікке нормативтік актінің статусын және жалпыға міндетті сипатын білдіреді», - деді вице-министр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе