«Мектепке жол» акциясы: 6755 отбасына көмек көрсетілді (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен өткен 2014 жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы мәресіне жетті. Бұл туралы діни басқарманың баспасөз қызметінен хабарлады.Игілікті іс-шара барысында тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға, жетімдерге, жалғысбасты аналардың ұл-қыздарына мектепке қажетті оқу құралдары, киім-кешектер үлестірілді. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына 1857 бала қатысты. Сондай-ақ, игі шараға Алматы (897 отбасы), Астана (716), Алматы облысы (817), Ақмола облысы (588), Қарағанды (470), Қызылорда (225), т.б. облыс пен қала мешіттері үлес қосты.

Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы жыл сайын жүзеге асырылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе