Мүмкіндігі шектеулі оқушылар Олимпиада ойындарында 7 медаль жеңіп алды

Мүмкіндігі шектеулі алматылық оқушылар  Special Olympics International ойындарында 7 медаль ұтып алды, деп тілшісі.

Қалалық әкімдіктің қоғаммен байланыс қызметі хабарлағандай, дүбірлі дода Біріккен Араб әмірліктерінің астанасы Абу Даби қаласында 8-22 наурыз аралығында өтті. Спорт сайысында әлемнің 190 елінен 24 спорт түрі бойынша  7500 спортшы бақ сынады. Бұл - Таяу Шығыс елдері тарихындағы бірінші арнайы олимпиада. Ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде шақырылған ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Бұл ойындарда алматылық оқушылар 7 медальге қол жеткізді. Атап айтқанда, ақыл есі дамымаған оқушыларға арналған №7 мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы Сергей Букуев жеңіл атлетика бойынша 2 қола медаль алды. Бұл ойындарда Қазақстан құрамасынан аталған мектептің 4 түлегі ойнайды. Олар да Қазақстан қоржынына 2 алтын, 2 күміс медаль салды.

Алматы түзету мектеп интернаттарының оқушылары бұл жарысқа Қазақстан Special Olympics құрамасында қатысып жатыр. 2009 жылдан бері олар 7 жүлде: 1 алтын, 1 күміс, 5 қола алған. 

«Спорттық шараларға белсене қатысатын балалар дене бітімін жақсы ұстай бастайды. Рухани, әлеуметтік жағынан да дами түседі. Арнайы олимпиада ойындарының анты да соған сәйкес: «Маған жеңуге рұқсат етіңіздер, дегенмен жеңе алмай қалсам, барынша батылдық танытты деп есептеңіздер!», - деді Special Olympics Қазақстан ұйымдастырушылары.

Бұл ойындар  - ақыл-ойының дамуында кінәрат бар адамдардың спортпен айналысуына мүмкіндік беретін әлемдегі ең үлкен сайыс. Оны 1968 жылы Юнис Кеннеди Шрайвер мен оның жұбайы Сарджент Шрайвер ашқан. Қазақстанда Special Olympics 1990 жылдан бері өткізіліп келеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе