Қазақстанда төрт Конфуций институты қытай тілін тегін оқытуда

Әлемнің 126 елі мен аймақтарында Қытайдың 475 Конфуций институты жұмыс жасайды, деп хабарлайды «Global Times» аталмыш институттың штаб-пәтері өкілдерінің Фуцзянь провинциясындағы Сямэнь қаласында өткен баспасөз мәслихатындағы мәлімдемесіне сілтеме жасап.Ресми мәліметтерге сүйнесек, қазіргі кезде әлем бойынша орта мектептерде 851 Конфуций кабинеттері ашылған, оларда 3,45 млн. адам білім алуда. 

Конфуций институттары 2004 жылы ашылған, олар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Бұл ұйым шетелдерде қытай мәдениеті мен тілін насихаттауды мақсат етеді. Бүгінгі таңда әлемде шамамен 100 млн. адам «путунхуа»-ны («ресми диалект») оқып-үйренуде, бұл он шақты жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда, 4 есе жоғары. Өткен 10 жыл ішінде Конфуций институттарында шамамен 100 мыңға жуық оқытушылар, еріктілер мен менеджерлер еңбек етіп, жалпы саны 100-ден астам елде қытай тілінің 200 мыңға жуық ұстаздары даярланған.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан бойынша Конфуций институттары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің, Л.Н.Гумлиев атындағы ЕҰУ-інің (Астана), Ақтөбе мемлекеттік университетінің және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жанында жұмыс жасайды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе