ЖОО-ны оңтайландыру жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды - Рахман Алшанов

Еліміздегі мұнай, өндіріс, металлургия, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларда 99% Қазақстандағы жоғару оқу орнындарының түлектері жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ҚР ЖОО ассоциациялар президенті Рахман Алшанов айтты, деп тілшісі.

«Дүниежүзінде білім саласындағы бәсеке дамуда. Бұл Қазақстанға да ықпал етуде. Қазақстан соңғы жылдары білім сапасы бойынша дүниежүзінде 45 елдің қатарында. Бәсекелестікте алдыға шығу үшін білім арқылы даму керек. Елімізде соңғы жылдары білім саласына көп көмек көрсетіліп, бөлінетін қаржы мөлшері, грант саны өсіп жатыр. Осыған байланысты оқу орындарының дербестілігі өсті», - дейді Рахман Алшанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Ол осыған қарамастан білім саласында түйінді мәселелер бар екенін айтты. «Еліміздегі мұнай, өндіріс, металлургия, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік жасау, химия өндірісі сияқты ең басты салаларда 99% Қазақстандағы жоғару оқу орнындарының түлектері жұмыс істеп жатыр. Дегенмен жұмысқа орналасу жағынан көрсеткіштері төмен, басқа да талапқа сай емес оқу орындары бар. Осындай жағдайларға байланысты Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаевтың басқаруымен оңтайландыру жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды. Мен де осы комисси мүшесімін», - дейді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе